Тікелей эфир

Қазақстанда Pfizer вакцинасы туралы ақпарат жинақталған сайт ашылды

Pfizer препараты Қазақстанға 14 қарашада келеді.

Қазақстандағы Pfizer фармацептикалық компаниясының өкілдері коронавирусқа қарсы "Комирнати" екпесі туралы ақпарат жинақталған сайт ашты. Аталған сайтта ақпарат қазақ және орыс тілдерінде жарияланған. 

Препарат Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы иммунитетін нығайту үшін жасалған.

Сайтта Pfizer вакцинасының сақталуы, клиникалық зерттеулердің нәтижесі және қолданылуы туралы сенімді ақпарат бар.

Pfizer препараты Қазақстанға 14 қарашада келеді деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, отандық ғалымдардың жатыр мойны обырын анықтауға арналған ерітінді әзірлегені туралы хабарлаған едік. Ғалымдардың бұл жаңашылдықтары медициналық қызметтің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары