Muftiyat баспасынан "Ислам энциклопедиясы" кітабы оқырманға жол тартты, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. 

"Ислам энциклопедиясы" кітабы. Фото: ҚМДБ ресми сайты

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, тарихшы, филолог ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, Діни басқарма жанындағы Ақсақалдар және Сарапшылар кеңесінің мүшелері қатысты.

"Оқырманға жол тартқан "Ислам энциклопедиясы" кітабы – дәстүрлі дініміздің ғылыми-теориялық негізін дамытуға бағытталған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ауқымды жобасының бірі болмақ. Әрине бұған дейін елімізде Ислам діні жайлы түрлі энциклопедиялар жарық көрді. Алдыңғы аға буын бастаған ізгі істі ары қарай жалғап, жетілдіруді қолға алдық. Діни басқарма дайындаған "Ислам энциклопедиясының" ерекшелігі – Ислам дініне арналған еліміздегі алғашқы көптомдық энциклопедия болғалы тұр. Бұйырса бұл еңбектің 5 томын оқырманға ұсынбақпыз", – деді бас мүфти.

"Ислам энциклопедиясы" діни сала қызметкерлері мен ізденуші шәкірттер, ғалымдар және жалпы оқырман қауымға арналған.


Оқи отырыңыз: ҚМДБ 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 1 наурыздан басталады