Қазақстанда доллар 491 теңге шамасында саудаланып жатыр
Ұлттық банк 13 наурызға белгілеген доллардың ресми бағамы 491,68 теңге.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасы алаңында доллардың орташа өлшенген бағамы 491,29 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,02 теңгеге төмен.
Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 13 наурызға белгілеген доллардың ресми бағамы 491,68 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 491,17 теңге болса, сату бағамы 493,26 теңге.
Ал Астана қаласындағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 487,99 теңгеден сатып алып, 494,99 теңгеден сатып жатыр.
Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 490,98 теңгені құраса, сату бағамы 493 теңге деңгейінде.