Астана қаласында Anadolu Efes ұлттық лигасының ерлер командалары арасында баскетболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының маусымының ашылу салтанаты болып, елордалық "Астана" баскетбол клубы мен алматылық "Алматы Легионы" алғашқы ойынын өткізді. Ойын 86:90 есебімен алматылық команданың пайдасына аяқталды. 

Биылғы маусым еліміздің 8 мықты командасын біріктірген Қазақстанның спорт өміріндегі маңызды кезең болмақ. Чемпионатқа "Астана" БК (Астана), "Барсы Атырау" (Атырау), "Тобыл" (Қостанай), "Ирбис Алатау Алматы" (Алматы), "Ақтөбе" (Ақтөбе), "Каспий" (Ақтау), "Алматы Легионы" (Алматы) және "Ертіс" (Павлодар) командалары қатысады.

Іс-шараның арнайы қонағы – FIBA ​​3x3 жарыстар жөніндегі аға менеджері Масаки Китамура. Ол осы чемпионаттың халықаралық деңгейде мойындалғанын айтты. Салтанатты шараға кәсіби баскетболшы және ойынның құрметті қонағы ретінде "Астананың" бұрынғы ойыншысы Джереми Джонсон қатысты.

"Anadolu Group холдингінің қолдауы баскетболдан Қазақстан чемпионатын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Бұл жай ғана спорттық шара емес, қоғамдағы ұжымдық рухты, спорттық шеберлікті және жауапкершілікті арттыратын әлеуметтік бастама. Бизнестің арқасында мұндай жобалар қажетті қолдау мен ауқымды алады", – деді Қазақстан баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов.


Оқи отырыңыз: Қазақ баскетболын түркиялық ірі инвестор қаржыландырады


Еске салайық, биыл 31 мамырда Астанада Қазақстан баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов пен Efes Kazakhstan бас директоры Ертан Курт екіжақты келісімге қол қойды. Оған сәйкес, 2024-2025 жылғы маусымдағы баскетболдан Қазақстан чемпионатының жаңа демеушісі болып Anadolu Efes халықаралық компаниясы танылды. 

Компания осы уақыт аралығында ұлттық лиганың құрылуы қазақ баскетболының дамуына тың серпін берді. Лига бәсекелестік деңгейін арттыруға және жастар арасында баскетболды кеңінен насихаттауға бағытталған. Салауатты қоғам құруда спорт маңызды рөл атқарады және мұндай бастамалар елімізде спорт мәдениетінің белсенді дамуына ықпал етеді.