Қазақстанда балық аулауға бір жылға шектеу енгізіледі
Шектеу мерзімі 2023 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 1 шілдеге дейін.ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ашық НҚА порталында "2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіту туралы" бұйрық жобасын жария талқыға ұсынды.
Онда аталған мерзімде Қазақстанның су айдындарынан аулауға болатын балық мөлшері белгіленген. Тізіммен осы жерден танысуға болады.
Loading...
"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары (балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген) бойынша балық аулау лимиттері балық шаруашылығы субъектілері ұсынған мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындылары бар биологиялық негіздемелер негізінде белгіленген" деп жазылған құжаттың түсіндірме жазбасында.
Оқи отырыңыз: Қапшағай, Іле, Бартоғай. Алматы маңында балық аулауға қолайлы 10 жер
Бұйрық жобасын талқылауға 23 мамырға дейін қатысуға болады.