Қазақстанда бала туу көрсеткіші бойынша Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент көш басында
Соңғы жылдары дүниеге келген балалар арасында қыздардың үлесі ұлдардан басым.Ұлттық экономика министрлігі Ашық НҚА порталында Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын жариялады.
Жоспарда әлеуметтік салалар бойынша қазіргі жағдайға шолу мен келешекке жоспарлар баяндалған. Оның ішінде Қазақстан халқының демографиялық жағдайы да көрініс тапты. Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, Қазақстан Республикасындағы халық саны 2023 жылғы 1 қаңтарда 19 765 004 адамды құрады. Оның ішінде:
- қала тұрғындары – 12 208 259;
- ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам.
2022 жылдың 12 айында Қазақстанда 403,5 мың бала дүниеге келсе, оның ішінде:
- 208 мыңы – ұлдар;
- 195,5 мыңы – қыздар.
2022 жылы қайтыс болғандар саны 134,7 мың адамды құраса, халықтың табиғи өсімі 268,8 мың адамды құрады (263 мың – 2020 жыл, 267 мың – 2021 жыл).
Оқи отырыңыз: Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі
Бала туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (мың тұрғынға 27,75 адам), Түркістан (мың тұрғынға 27,23 адам) облыстарында және Шымкент қаласында (мың тұрғынға 26,34 адам) байқалды. Ал өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (мың тұрғынға 11,84 адам), Шығыс Қазақстан (мың тұрғынға 11,71 адам) және Қостанай облыстарында (мың тұрғынға 10,82 адам) тіркелген.