Қазақстанда алғашқы 100 кәсіби футбол менеджері білім алды
"Футбол менеджменті" курсы – футбол индустриясындағы болашақ көшбасшыларды дайындайтын платформа.Футбол менеджерлері AlmaU мен Қазақстан футбол федерациясы бірегей бағдарламасының аясында оқытудан өтті. Қазіргі таңда олардың басым бөлігі қазақстандық футбол клубтарында қызмет етуде және елімізді халықаралық деңгейде танытып жүр.
2023 жылдың желтоқсанында білім беру жобасына EA Group қолдау көрсетіп, үшінші лек басталды. "Футбол менеджменті" курсы – футбол индустриясындағы болашақ көшбасшыларды дайындайтын платформа. Бағдарламада 9 модуль бар: стратегиялық менеджмент, қаржы, операциялық менеджмент, команданы басқару, инфрақұрылымды басқару және іс-шараларды ұйымдастыру, спорттық агент, спорттық маркетинг, демеушілік және жанкүйерлермен байланыс. Сондай-ақ, оқыту кәсіпкерлік дағдыларды да дамытуға арналған. Осы арқылы футбол индустриясын бизнес сала ретінде дамыту қолға алынбақ.
ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов тұрақты футбол индустриясын дамытып, тұрақтылығын сақтау үшін білікті менеджерлерді дайындаудың маңыздылығын атап өтті.
"Футбол ұйымдарын тиімді басқаруда білікті менеджерлер маңызды роль ойнайды. Сондықтан, мықты футбол экожйүесін құру үшін білікті мамандар қажет", – деді Әділет Барменқұлов.
Оқи отырыңыз: Instagram-да белсенді қазақстандық спортшылар кімдер? Информбюро шолуы
"Футбол менеджементі" бағдарламасы 2023 жылдың жазында басталды. Қазіргі тағда 100-ге жуық қазақстандық осы бағдарлама арқылы оқытудан өткен. Бағдарламаның негізгі мақсаты – алдағы екі жарым жылда 3000 менеджерді дайындау.
"Бұрынғы футболшы әрі кәсіпкер ретінде мен спортшылардың дайындығы ғана емес, оларды жабдықтау, сондай-ақ, спорт клубтарын кәсіби түрде басқару да маңызды екенін түсіндім. Біздің мақсатымыз – Қазақстандағы футбол клубтары мен алаңдарын дамытып, жүйелі түрде қолдау. AlmaU-мен әріптестік мен үшін біздің қызметіміздің үйлесімді жалғасы саналады", –дейді CEO EA Group Ерік Әубәкіров.
2022 жылы спорттық менеджмент Орталығының негізін қалаған еліміздің үздік университеттері мен ҚФФ арасындағы серіктестік спорт және білім саласындағы инновацияның маңыздылығын көрсетті. AlmaU спорттық менеджмент Орталығының директоры Нұрлыбек Сыздықов бағдарламаның бірегейлігін атап өтті.
"Бұл футбол менеджерлерін қалыптастыруға бағытталған Қазақстандағы жалғыз білім беретін жоба. Біз барлық маңызды салаларды – спорт пен білімді біріктіріп, Қазақстанның барлық аймағынан қатысушыларды шақырамыз. Бізден білім алатындар – 16 мен 55 жас аралығындағы азаматтар, негізінен ер адамдар. Олар түрлі футбол ұйымдарының өкілдері әрі футболдың жанкүйерлері саналады", – деді ол.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның ұлттық құрамасына енетін спортшылар саны артады
Бағдарлама аяқталған соң қатысушылар ҚФФ-дан немесе өзге де футбол клубтарында тағылымдамадан өтіп, өз білімдерін іс жүзінде тексере алады. Қазір осы бағдарлама түлектері жақсы қырларынан танылып, футбол клубтарына қызметке орналасып, индустрияда мықты нәтиже көрсетуде.
Мұның бір мысалы ретінде Саят Ауғалиевті айтуға болады. Ол оқу кезінде Қарағандының "Шахтер" клубында тағылымдамадан өтіп, бағдарлама аяқталған соң клубпен келісімшартқа отырды.