Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жылдық мәнде 23,7%-ға өсті, деп хабарлады ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы. 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. 

"Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады" делінген бюро хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Жарамдылық мерзімі, құрамы, сақтау шарты. Азық-түлік өнімі қаптамасындағы қандай жазбаларға мән беру керек?


ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

  • Айран (2,5%) – 378 тг/л;
  • Картоп – 158 тг/кг;
  • Құм шекер – 456 тг/кг.