Қазақстанда 2023 жылы туу көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Былтыр Қазақстанда 388,4 мың сәби (403,8 мың – 2022 ж.) дүниеге келді, оның 51,6% –  ұлдар, 48,4%  – қыздар. 230,3 мың бала немесе туылғандардың 59% қалалық жерде туылса, қалған 158 мың бала, яғни 41% – ауылдық жерде дүниеге келген.

"Былтыр Қазақстанда 388,4 мың сәби (403,8 мың – 2022 ж.) дүниеге келді, оның 51,6% –  ұлдар, 48,4%  – қыздар. 230,3 мың бала немесе туылғандардың 59% қалалық жерде туылса, қалған 158 мың бала, яғни 41% – ауылдық жерде дүниеге келген", – деп жазылған хабарламада.

Бала туудың негізгі үлесі 25-29 аралығындағы әйелдерге тиесілі – 29%, 30-34 жас аралығындағыларда – 26%. 20 жасқа дейінгі әйелдер өткен жылы 12,6 мың бала, 50 жастан асқандар 96 баланы дүниеге алып келген. Бұл ретте ананың орташа жасы 2023 жылы 29,7 жасты құрады.


Оқи отырыңыз: Әкесіз қоғам: Қазіргі бала тәрбиесіне не жетіспейді?


Былтыр дүниеге келген егіздер саны 4 075 (2022 ж. – 4 063) құрады, үшемдер – 48 (2022 ж. – 50), төртем – 1.