2026 жылы Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні құрметіне әскери шеру өткізілмейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, шеру өткізілмегенімен, елде бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Атап айтқанда:

  • ерлік сабақтары;
  • үздік әскери қызметшілер мен ардагерлерді марапаттау;
  • экологиялық акциялар;
  • әскери оркестрлер шеруі;
  • шығармашылық ұжымдардың концерттері;
  • әскери техника мен қару-жарақ көрмесі;
  • "Сарбаз ботқасы" акциясы;
  • ашық есік күндері.

Айта кетейік, 2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аясында өткен әскери шеруге 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден аса әскери техника және 66 ұшақ пен тікұшақ қатысқан болатын. Бұған дейін бірнеше жыл қатарынан әскери шерулер бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында өткізілмеген еді.