Қазақстанда 124 теміржол вокзалы жаңарады. Жолаушыларға қандай өзгеріс болады?
Қазақстанда теміржол вокзалдарын реконструкциялау және модернизациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы ел бойынша 124 теміржол вокзалын жаңарту бойынша кешенді жоба басталған, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
Жоба жолаушылар үшін вокзалдардағы қолжетімділік пен жайлылықты арттыруға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ навигация мен қауіпсіздік жүйелерін жақсартуға бағытталған. Қазіргі уақытта 36 вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.
2025 жылы жөндеу аяқталған вокзалдар
Жаңғырту жұмыстары мына станцияларда аяқталды: Жақсы, Курорт-Бурабай, Макинка, Шортанды, Ұзын-Ағаш, Шамалған, Сағыз, Мақат, Талдықорған, Ақши, Теміртау, Айса, Құсмұрын, Аманқарағай, Талап, Қазалы, Бозшакөл, Тайынша және Жаңаесіл.
2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқталған нысандар
Жөндеу жұмыстары мына станцияларда аяқталды: Семиглавый Мар, Мырза, Сарышаған, Көктұма, Ағадыр, Қарағанды-Сұрыптау теміржол станциясы, Жаңақорған, Шиелі, Жетісу, Қарасор, Тобыл, Қалқаман, Доссор, Қызылжар, Саумалкөл, Жалтыр және Аққыстау.
"Қалған вокзалдардағы реконструкция жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жаңғырту нәтижесінде жолаушылар заманауи күту залдарына, жаңартылған ақпараттық және навигациялық жүйелерге, жаңа инженерлік шешімдерге және барлық санаттағы азаматтарға қолайлы жағдайларға қол жеткізеді. Бағдарламаны іске асыру елдегі теміржол вокзалдарының инфрақұрылымын халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.