Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) D тобына Қытай, Иран және Жаңа Зеландия командаларымен бірге түсті. 

Бастапқы матчта қазақстандықтар Жаңа Зеландия құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Алдымен Михаил Мищенко тартысты матчта Бленд Лукуды жеңді. Есеп: 6:3, 5:7, 6:4. Содан кейін Мансұр Сайынов Юн Лиамадан 6:1, 6:0 есебімен басым түсті. Жұптық сында Мансұр Аңсар Ниетқалиевпен бірге Аливина – Лиамадан ұтты. Есеп: 6:3, 6:2.

Қазақстан өз тобында көш бастаса, Қытай екінші орынға тұрақтады. Ертең қазақстандық жасөспірімдер Иранмен шеберлік таластырады. Бұған дейін Иран Қытайға 0:3 есебімен жол берген болатын.


Оқи отырыңыз: 


Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған əсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!                                                            

Əр сағат сайын A’SU ішіңіз