"Қазақстан халқына" қоғамдық қорындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 380 мың теңгені құрайды. Бұл туралы басқарма мүшесі София Айсағалиева мәлімдеді.

"Қордағы орташа жалақы өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Өткен жылы – 565 мың болса, қазір 380 мың теңге болды",– деді басқарма мүшесі.

Биыл қордағы қызметкерлер саны 47-ге жеткен.

"Бұған дейін қорда 25 адам болса, қазір 47 адам бар. Негізі өткен жыл біз үшін қалыптасу жылы болды. Ендігі міндетіміз – әкімшілік шығындарды ұлғайтпау", – деді София Айсағалиева.

Барлық әкімшілік шығындарға банктердің депозитке төлейтін 10 миллиард теңге сыйақысын ғана пайдаланады.