USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

"Қазақстан халқына" қорындағы қызметкерлердің орташа жалақысы - 380 мың теңге

Бұл көрсеткіш бір жылда 1,5 есеге жуық төмендеген.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 380 мың теңгені құрайды. Бұл туралы басқарма мүшесі София Айсағалиева мәлімдеді.

"Қордағы орташа жалақы өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Өткен жылы – 565 мың болса, қазір 380 мың теңге болды",– деді басқарма мүшесі.

Биыл қордағы қызметкерлер саны 47-ге жеткен.

"Бұған дейін қорда 25 адам болса, қазір 47 адам бар. Негізі өткен жыл біз үшін қалыптасу жылы болды. Ендігі міндетіміз – әкімшілік шығындарды ұлғайтпау", – деді София Айсағалиева.

Барлық әкімшілік шығындарға банктердің депозитке төлейтін 10 миллиард теңге сыйақысын ғана пайдаланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз