"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Taiburyl ҚБ цифрлық платформасында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан студенттер үшін қосымша байқау жарияланатынын хабарлады.

Байқауға қатысушылар келесі талаптарға сәйкес келуі қажет:

  • ҚР азаматы болу;
  • "Қазақстан халқына" ҚҚ және Taiburyl ҚБ лауазымды тұлғаларымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ комиссия мүшелерімен үлестес болмау;
  • Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқу және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшесі болу.

Оқи отырыңыз: "Қазақстан халқына" қоры биыл 360 білім беру грантын бөледі. Оны кімдер иеленеді?


Байқауға қатысу үшін Taiburyl платформасында онлайн-өтінімге мынадай құжаттарды тіркеу қажет:

  • Үміткердің жеке куәлігінің түрлі түсті көшірмесі;
  • Үлгерімі туралы мәліметтерді қоса алғанда, оқу орнынан анықтама (транскрипт);
  • ҰБТ сертификаты;
  • Орта мектепті бітіру туралы куәліктің көшірмесі/колледж дипломы (үміткердің ауылдық жерде екенін растайды);
  • Ата-ананың не заңды қамқоршының жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі;
  • Үміткердің ата-анасының неке туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Үміткердің екі ата-анасының соңғы алты айдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтамасы;
  • Үміткердің туған (ата-анасы бір) бауырларының мүгедектігін растау туралы анықтама (тек eGov сайтынан анықтамалар қаралады);
  • Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Үміткердің қандас бауырларының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • Мотивациялық хат (250 сөзден кем емес);
  • Үміткердің өмірбаяны (кемінде 100 сөз).