Қазақстан халқы жыл басынан бері 87 мыңға көбейді
Көбеюге негізінен халықтың табиғи өсімі негіз болған.
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның демографиялық көрсеткіштері бойынша жаңа мәліметтерді жария етті. Оған сәйкес, Қазақстан халқының саны 20 370 672 адамды құрайды.
Жыл басынан бері халық саны 87 273 адамға артса, мамырдағы бір айғы өсім 17 407-ні құраған.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, халық санының артуына негізінен табиғи өсім себеп болып отыр. Айталық, жыл басынан бері халық саны табиғи өсім есебінен 80 мыңға артса, көші-қонның үлесі – бар болғаны 7,2 мың адам.
Сондай-ақ, Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асатынын хабарлады. Олар:
- Алматы – 2 314 929 адам;
- Түркістан облысы – 2 150 992 адам;
- Алматы облысы – 1 575 657 адам;
- Астана – 1 566 566 адам;
- Шымкент – 1 274 296 адам;
- Жамбыл облысы – 1 220 481 адам;
- Қарағанды облысы – 1 133 068 адам.
Ескерту: демографиялық көрсеткіштердің бәрі 2025 жылғы 1 маусымдағы мәліметтер болып келеді.