Қазақстан үшін қандай қарыздар қауіпті? Экономист Мақсат Халық жауап берді
Сыртқы қарызды өтеп тұру үшін жылына 1 трлн теңгедей қаражат жұмсалу керекЕліміздің мемлекеттік қарызы 15 пайызға өсіп, 2022 жылдың көрсеткіші бойынша 25 триллион теңгеден асқан. Берешектен құтылудың жолы және қауіпті қарыздар туралы экономист Мақсат Халық 31 арна эфирінде жауап берді.
Оның айтуынша, берешектерді орындау мақсатында бюджетке үлкен салмақ түсіп жатыр.
"Қазіргі таңда жылдық бюджетте сыртқы қарызды өтеп тұру үшін жылына 1 трлн теңгедей қаражат жұмсалу керек. 2025 жылға дейін 2 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Демек, берешектерді орындау мақсатында бюджетке үлкен салмақ түсіп жатыр деген сөз. Ал осы қарыздың көлемі көбейе беретін болса, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған трлн теңгелер мемлекеттік бюджеттің қарызын жұмсауға жұмсалады", – деді экономист Мақсат Халық.
Оқи отырыңыз: Қазақстан сарбаздары банк пен қаржы ұйымдарына 2,3 млрд теңге қарыз
Сондай-ақ, Үкіметтің, квазимемлекеттік сектордың қарызы қауіпті екенін атады.
"Қарыздарды қанша пайызбен, қандай мерзімге беріліп отырғанын білу маңызды. Covid-19 кезінде өзге мемлекеттерден және әлемдік қаржылық институттардан біраз қарыз алғанымыз бар. Тиімдісі, бұлар өте төмен пайызбен берілді және алғашқы жылдары демалыс болды.Осындай тәсілмен берілсе, онда ауыртпашылығы аз болады. Жоғары пайызбен беріліп, қайтару қысқа мерзімде болса бюджетке салмақ түсіреді. Ал ең қауіптісі - Үкіметтің, квазимемлекеттіксектордың қарызы. Егер компаниялар банкрот болып қалса, оның қайтару жауапкершілігі Үкіметтің мойнына жүктеледі. Өзге де секторлар деп аталатын 40 млрд доллардан астам қаражат бар. Соның да атын атап, түсін түстеп көрсету керек. Оның ішінде қауіпті қаражат болуы мүмкін" – деді экономист.