Қазақстан Сбермен келісімнен бас тартты
Электрондық үкіметтің платформасын қазақстандық мамандар әзірлейді.Қазақстан ресейлік "Сбер" компаниялар тобымен "Қазақстанның цифрлық транформациясы" туралы келісім жасаудан бас тартты. Бұл туралы Цифрлық даму, иновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин мәлім етті.
Оның айтуынша, платформаны отандық мамандар 2-3 жылдың ішінде өздері әзірлейді.
"Геосаяси жағдай мен өз мүмкіндіктерімізді қайта қарауға байланысты "ҰАТ" АҚ-мен бірге платформаны өз күшімізбен, қазақстандық ІТ компанияларды тарта отырып жасау шешіміне келдік. Қазір техникалық-экономикалық талдау жасалып жатыр, шамамен 2-3 жыл уақыт қажет болады. Биылдың соңына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері әзірленіп, қолданыла бастайды", – деді Асқар Жамбакин.
Оқи отырыңыз: Бағдат Мусин: Электронды үкімет платформасын бір жасап алған соң шетелден маман тартпаймыз