Қазақстан ресейлік "Сбер" компаниялар тобымен "Қазақстанның цифрлық транформациясы" туралы келісім жасаудан бас тартты. Бұл туралы Цифрлық даму, иновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин мәлім етті.
Оның айтуынша, платформаны отандық мамандар 2-3 жылдың ішінде өздері әзірлейді.
"Геосаяси жағдай мен өз мүмкіндіктерімізді қайта қарауға байланысты "ҰАТ" АҚ-мен бірге платформаны өз күшімізбен, қазақстандық ІТ компанияларды тарта отырып жасау шешіміне келдік. Қазір техникалық-экономикалық талдау жасалып жатыр, шамамен 2-3 жыл уақыт қажет болады. Биылдың соңына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері әзірленіп, қолданыла бастайды", – деді Асқар Жамбакин.
Оқи отырыңыз: Бағдат Мусин: Электронды үкімет платформасын бір жасап алған соң шетелден маман тартпаймыз
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63