Еліміздің жанармай құю бекеттері Ресейден бензин импорттау мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады. 

Министрліктің хабарлауынша, бұған жазғы демалыс кезеңі мен АИ-95 бензиніне сұраныстың артқаны себеп болып отыр. 

"Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері индикативтік жоспар шеңберінде PetroRetail, Sinooil, Helios және "Газпромнефть" сияқты  ірі жанар-жағармай құю стансалары АИ-95 автобензинін импорттау мәселелерін пысықтап жатыр", – делінген хабарламада.

Қазір Қазақстандағы жанармай қоры мынадай:

- автобензин АИ-92 – 357 мың тонна. (23 тәулікке жетеді);

- АИ-95 – 50 мың тонна (15 тәулікке жетеді);

- дизель отыны – 518 мың тонна (28 тәулікке жетеді).