Мотоцикл, мопед және квадроцикл мінген адамдар Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына тегін кіре алады. Бұл жаңалық Экология министрінің табиғи қорықтар қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы бұйрығына енгізілген.

Атап айтқанда, мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтар мен қорықтарға кіргені үшін мотоциклдерден, мопедтерден, квадроциклдерден алымдарды алып тастау ұсынылады.

Бұған дейін мотоциклдер, мопедтер мен квадроциклдер ерекше қорғалатын аумақтарға кіру үшін 738 теңгеден 2 215 теңгеге дейін (0,2-ден 0,6 АЕК-ке дейін) төлеуге тиіс болатын.

Жобамен өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 38-бабына сәйкестендіруді көздейді.

Жаңа редакцияда мотоциклдерден, мопедтерден және квадроциклдерден қаражат жинау қарастырылмаған.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында 2024 жылғы 22 қарашаға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.