Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ валютасының орташа бағамы 3,54 теңгеге төмендеп, 498,09 теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам — 502,60 теңге.

Kurs.kz дерегінше, Алматы қаласының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 497,50 теңгеден сатып алынып, 500,26 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 580,81 — 586,68 теңге аралығында болса, рубль 6,39 — 6,50 теңге деңгейінде саудаланып жатыр. 

Астанадағы айырбастау орындарында:

  • доллар 495,00 теңгеден сатып алынып, 502,00 теңгеден сатылып жатыр;
  • еуро: сатып алу — 578,00 теңге, сату — 588,15 теңге;
  • рубль: сатып алу — 6,20 теңге, сату — 6,50 теңге.