Өзбекстан Республикасымен шекарадағы жекелеген өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының жиналуы тіркеліп жатыр, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

Бұл жағдай «Жібек жолы» өткізу пунктінде бұл іргелес аумақтағы «Гишт Куприк» бақылау-өткізу бекетінде құрылыс жұмыстары мен жол төсемінің кеңейтілуімен байланысты.

Сонымен қатар қазақстандық «Тәжен», «Атамекен» және «Қазығұрт» шекара өткелдерінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал «Қапланбек» бақылау өткізу пункті осы себептермен жабық.

"Мемлекеттік шекара арқылы басқа өткізу пункттері шаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өз маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.