25 тамызда Премьер-Министрдің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жаңа оқу жылы 34 апта ғана созылатынын, 25 мамырда соңғы қоңырау болатынын хабарлады. Сол күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі тиісті бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға ұсынды.

Өткен оқу жылын 1 маусымға дейін ұзартуды жақтаудағы дәлелдердің бірі – оқушылардың күнделікті жүктемесін азайтып, бес күндік оқуға толық көшу болды. Білім министрлігі оқу жылы 34 апта болғанымен, алты күндік аптаға қайта оралмайтынын түсіндірді.

"Жұмыс аптасының ұзақтығы бес күн болады. Мектептер Министрліктің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №153 бұйрығын басшылыққа алуы керек", – деп жазылған құжатта.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда оқушылар жаңа оқу жылында күзгі, қысқы және көктемгі демалыста қанша күн демалады?.


Осы бұйрыққа сәйкес үш ауысымдық оқыту режимінде жұмыс істейтін және оқушылар орны тапшылығы бар орта білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру ұйымдарында бес күндік жұмыс аптасы белгіленді.