Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Тізімге бірден 8 жаңа кәсіби мереке енгізілмек.

Олар:

  • 7 сәуір – Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні;
  • 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні;
  • 20 мамыр – Метрология қызметкерлерінің күні;
  • 10 шілде – Ветеринариялық қызметкер күні;
  • Қыркүйектің бірінші сенбісі – Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні;
  • 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күні;
  • 14 қазан – Стандарттау қызметкерлерінің күні;
  • 18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.

Еске салайық, кәсіби мерекелер демалыс күні болып есептелмейді.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның мереке күндері тізімінен 50 дата не үшін сызылмақ? Еңбек министрлігі түсіндірді


Құжат жобасы Ашық НҚА порталында 22 сәуірге дейін жария талқылауда болады.