Ашық НҚА порталында "ҚР мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы" үкімет қаулысына өзгерістер енгізетін құжат жарияланды. Жобаға сәйкес, қаулыдан қатарында БАҚ қызметкерлері күні, Мұғалім күні және өзгелер бар ұзын саны 50 мереке алынып тасталған.
Осыған орай, Информбюро тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мұның себебін сұрады.
"Мерекелер кәсіби және өзге де мерекелер деп екіге бөлінеді. Бұған дейін кәсіби мерекелер бойынша өзгерістерді салалық уәкілетті мемлекеттік органдар, мысалы, энергетика саласы бойынша Энергетика министрлігі, экология бойынша Экология министрлігі енгізетін. 16 наурызда ҚР кейбір конституциялық заңдарына ҚР әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Енді кәсіби мерекелер туралы қаулы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітіледі. Ал Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні секілді мерекелер Үкімет қаулысымен бекітіледі. Тізім өзгермейді, ешқандай мерекелер алынып тасталып жатқан жоқ", – деп түсіндірді ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің бас сарапшысы Бахыт Бердуаш.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар мамырда неше күн демалады?
Жаңа өзгерістер бойынша, Еңбек министрінің бұйрығымен бекітетін мерекелер келесілер:
- ҚР Ұлттық ұланы күні – 10 қаңтар;
- Жерге орналастыру, геодезия және картография күні – наурыздың бірінші жексенбісі;
- Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі;
- Ғылым қызметкерлері күні –12 сәуір;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні – 21 сәуір;
- Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр;
- Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – 21 мамыр;
- Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні – мамырдың соңғы жексенбісі;
- Эколог күні – 5 маусым;
- Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні – 7 маусым;
- Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің және қызметкерінің күні – 9 маусым;
- Полиция күні – 23 маусым;
- Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым;
- Судья және сот қызметкері күні – 24 маусым;
- Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні – маусымның екінші жексенбісі;
- Малшылар күні – маусымның екінші жексенбісі;
- Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі;
- Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні – 28 маусым;
- Дипломатиялық қызмет күні – 2 маусым;
- Су шаруашылығы қызметкерлері күні – 9 маусым;
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні – 13 шілде;
- Балық шаруашылығы қызметкерлері күні – шілденің екінші жексенбісі;
- Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі;
- Сауда қызметкерлері күні – шілденің төртінші жексенбісі;
- Көлік қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
- Құрылысшы күні – тамыздың екінші жексенбісі;
- Шекарашылар күні – 18 тамыз;
- Шахтер күні – тамыздың соңғы жексенбісі;
- Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі;
- Атом саласы қызметкерлері күні – 28 қыркүйек;
- Әділет органдары қызметкерлері күні – 30 қыркүйек;
- Машина жасаушы күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
- Радио күні – 1 қазан;
- Мұғалім күні – 5 қазан;
- Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан;
- Қазақстан кәсіптік одақтарының күні – 10 қазан;
- Құтқарушы күні – 19 қазан;
- Орман шаруашылығы қызметкері күні – қазанның үшінші жексенбісі;
- Кітапханашы күні – 24 қазан;
- Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні – қазанның соңғы жексенбісі;
- Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні – 29 қазан;
- Сыртқы барлау күні – 5 қараша;
- Статистика күні – 8 қараша;
- Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні – 10 қараша;
- Ұлттық валюта – теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – 15 қараша;
- Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні – қарашаның үшінші жексенбісі;
- Прокуратура күні– 6 желтоқсан;
- Энергетик күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі;
- ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні – 20 желтоқсан;
- Архивші күні – 22 желтоқсан.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар Астана күніне орай 4 күн демалады
"ҚР мерекелер туралы" Заңының 4-бабына сәйкес, мереке күндерінің тізбесін үкімет белгілейді. Үкімет қаулысымен бекітілетін мерекелер:
- Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;
- Алғыс айту күні – 1 наурыз;
- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;
- ҚР мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;
- Ұлттық домбыра күні– шілденің бірінші жексенбісі;
- Абай күні – 10 тамыз;
- Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі;
- Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз;
- Білім күні – 1 қыркүйек;
- Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
- Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек;
- Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
- Қарттар күні – 1 қазан;
- Нан күні – 16 қазан;
- Энергия үнемдеу күні – 11 қараша;
- ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан.
Құжатты қоғамдық талқылау 19 мамырға дейін жалғасады.