Қазақстанға сапары алдында Ресей президенті Владимир Путиннің мақаласы қазақстандық "Казахстанская правда" басылымында жарық көрді. 

Бұл мақалада көрші ел басшысы Қазақстанмен қарым-қатынас жайлы айтқан. Владимир Путиннің сөзінше, екі ел арасындағы тауар айналымы жыл санап өсіп келеді. 

"Мәселен, өткен жылы бұл салада жаңа рекорд орнап, 28 миллиард доллар деңгейінен асып түсті, ал биылғы қаңтар-қыркүйек айларында 20 миллиард доллардан асты. Өзара тауар айналымының құрылымы үнемі әртараптандырылып келеді, оның ішінде жоғары қосымша құны бар шикізаттық емес материалдар да бар. Оның үстіне, өзара есеп айырысулардағы ұлттық валюталардың үлесі үнемі артып келеді. Бұл екі ел арасындағы коммерциялық операцияларды сыртқы, соның ішінде саяси жағдайлардың жағымсыз әсерінен қорғауға мүмкіндік береді", – деді Владимир Путин. 

Тауар айналымымен қатар, Ресейдің Қазақстан экономикасына салып жатқан инвестициясының көлемі де жылдан-жылға артып отыр. Нақты дерек – қазіргі таңда инвестиция көлемі шамамен 13 миллиард долларды құрайды. 

"Республикада Ресейдің қатысуымен 23 мыңнан астам кәсіпорын бар. Біздің елдеріміздің компаниялары өнеркәсіптік кооперация мен жоғары технологиялар саласында бірқатар ірі бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатыр. Толық өнеркәсіптік цикл аясында жаңа өндіріс орындарын құрып отырмыз, бұл екі елдің экономикасын жан-жақты жаңғыртуға және Ресей мен Қазақсанның технологиялық егемендігін нығайтуға ықпал етеді", – деп жазды Владимир Путин.

Еске салайық, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан мен Ресей: стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиегі" атты мақаласы ресейлік "Инвестия" басылымында жарияланды. 


Оқи отырыңыз: