Қазақстан азаматтары Құрбан айтта қанша күн демалатыны белгілі болды
Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға, яғни, жұмаға сәйкес келеді.
Қазақстанда қасиетті Құрбан айт мейрамында қай күндері демалыс болатыны анықталды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан азаматтары үш күн қатарынан демалады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым – демалыс күндері. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым – демалыс, 7 маусым – жұмыс күні, 8 маусым – демалыс.
Жалпы маусымда:
- бес күндік жұмыс аптасында – 20 жұмыс күні және 10 демалыс күні;
- алты күндік жұмыс аптасында – 24 жұмыс күні және 6 демалыс күні.