Қазақстан азаматтары Құрбан айтта қанша күн демалатыны белгілі болды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға, яғни, жұмаға сәйкес келеді.

Қазақстанда қасиетті Құрбан айт мейрамында қай күндері демалыс болатыны анықталды. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан азаматтары үш күн қатарынан демалады. 

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 6, 7, 8 маусым – демалыс күндері. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым – демалыс, 7 маусым – жұмыс күні, 8 маусым – демалыс.

Жалпы маусымда:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 20 жұмыс күні және 10 демалыс күні;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 24 жұмыс күні және 6 демалыс күні.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз