Қазақстан азаматтары банкке 15 трлн теңге қарыз
Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 7 939 000 Қазақстан азаматының банкте несиесі бар.Ұлттық банкте қанша Қазақстан азаматының несиесі бар екені белгілі болды. Бұл туралы парламент мәжілісінің сайтында жазылды.
"Ұлттық банк борыштық жүктеме коэффициентінің (бұдан әрі – БЖК) 0,5-ке тең ең жоғары деңгейін белгілейді. Бұл ретте БЖК есептеу және қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі белгілейді және пруденциялық нормативтердің құрамына енеді. Осылай, банктер мен МҚҰ-ның пруденциалдық нормативтерді, оның ішінде БЖК есебін сақтауын бақылау агенттіктің құзыретіне кіреді", – делінген хабарламада.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 7 939 000 Қазақстан азаматының банкте несиесі бар. Қарыздың жалпы сомасы 15 трлн теңгеден астады.