"Қазақмыс" корпорациясы көлік инфрақұрылымын дамыту және өндірістік бөлімше жұмыскерлерін тасымалдау сапасын арттыру бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Автопаркті жаңартудың бірінші кезеңі аясында компанияның серіктесі – "Tranco Express" ЖШС 90 жаңа автобус сатып алды, деп хабарлады "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметі

Олардың ішінде Yutong маркалы 40 үлкен автобус және ПАЗ маркалы 50 шағын автобус бар. Заманауи көлік құралы тозығы жеткен жылжымалы құрамның орнын басады және қызметкерлерді тасымалдаудың жайлылығын, қауіпсіздігі мен сенімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. 

Жаңа техника қазірдің өзінде Ұлытау, Қарағанды облыстарындағы өңірлер мен компанияның өндірістік алаңдары арасында бөлініп жатыр. 

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Бұл кезең корпоративтік көлікті жаңғыртудың ауқымды бағдарламасының бастамасы болып табылады. Алдағы уақытта компания жұмыс істейтін барлық өңірге жылжымалы құрам сатып алу және оны кезең-кезеңімен жаңарту жұмысы жалғасады. Бағдарламаның түпкі мақсаты – жұмыскерлерді тасымалдауға арналған автобус паркін толық жаңарту. 

Автопаркті жаңарту – бұл тек техникалық жаңғырту емес, сонымен қатар адамдардың қауіпсіздігіне салынған инвестиция, еңбек жағдайын жақсарту және өндірістік кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Жүзеге асырылған жоба қазірдің өзінде оң нәтиже беріп, корпоративтік көлік жүйесінің сапасын арттыруға септігін тигізуде.