Құжат мақұлданса, киностудия  "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық кинотсудия" АҚ деп аталмақ.

"Жобада өндірілетін кинофильмдердің сапасын арттыру мақсатында "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ның атауын "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық кинотсудия" АҚ атауына ауыстыру, сондай-ақ шетелдік кинокомпанияларға субсидиялардың мемлекеттік операторының функцияларын орындау есебінен сыртқы инвестицияларды одан әрі тарту көзделеді", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Қазақфильм" басшылығы киностудияны жабу жөніндегі пікірлерге жауап берді


Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 2023 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.