Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дональд Трамптан хат келді
АҚШ президенті Тоқаевты G20 саммитіне шақырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті, деп хабарлайды президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан президентімен кездесуді ықыласпен еске алды.
Құрама Штаттардың президенті мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді.