Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.