Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауын 2022 жылғы күзде өткізуді ұсынды
Президент өкілеттік мерзімін қысқартып, сайлауға қатысуға дайын екенін айтты.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент мандаты ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды.
"Мен биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, президент өкілеттігі мерзімдерінің ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, ол қайта сайлануға тыйым салынатынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: "Ұлттық қор – балаларға" жаңа бағдарламасы іске қосылады
"Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады. Бұл бастаманың негізі қандай? Ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жағынан президент мандатын бір мерзіммен шектеу мемлекет басшысының, жалпы ұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді", – деді президент.