Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Тоқаев Мысыр халқын Революция күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың мәліметінше, президент Мысыр елінің одан әрі өркендей беруіне тілектес екенін жеткізді.
Сонымен қатар қос халықтың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтағы қарым-қатынас алдағы уақытта да арта түсетініне сенім білдірді.