Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға арналған WhatsApp ботты іске қосты
Енді ақпаратты түрлі сайттан іздемей, жай ғана 8-701-00-1458 нөміріне хабарлама жіберуге болады.
Ол жерден сіз жиі қойылатын сұрақтарға жылдам жауап аласыз, уәкілетті органдардың өзекті байланыс деректерін табасыз және нормативтік-құқықтық актілерге қол жеткізе аласыз, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
"Чат-бот арқылы сіз экономикалық құқық бұзу туралы хабарлай аласыз", – делінген хабарламада.
Бұл қызметтер арқылы азаматтар өзіне қажетті ақпаратты оңай әрі тез алу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ ресми мекемелермен байланыс орнату үрдісін жеңілдетеді.
Оқи отырыңыз: 300 млрд теңге: қазақстандықтарға бала туу және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді