Қаржы пирамидаларына қатысты 22 қылмыстық іс тергеліп жатыр
Агенттікте жарты жылдық жұмыстың қорытындысы шығарылды.Қазақстанда қаржы пирамидаларына қатысты 22 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
"Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Құқыққа қарсы мазмұндағы 14 мың сілтеме алдын ала бұғатталып, 100-ден астам құқыққа қарсы чаттар мен аккаунттар жойылды", – деліген хабарламада.
Оқи отырыңыз: 432 миллион теңге шығын: Шымкентте "ЖК-Отау kz" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды
Бұдан бөлек, 19,2 миллиард теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
"Жалпы қылмыстық істер бойынша өтем 3,5 есе (48,3-тен 164,4 млрд теңгеге дейін), оның ішінде ақша жеті есе (11-ден 79 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, бұл жұмыс тиімділігінің артқанын көрсетеді", – делінген хабарламада.