Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды-Теміртау тасжолында ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 көлік соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ, дегенмен, автобустар көктайғақ пен қатты жел салдарынан жол шетіне аударылып қалған.

"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қарағанды-Теміртау автожолында сегіз көлік соғылды. Автобустар көктайғақ пен қатты жел салдарынан жол шетіне аударылып қалған. Абай қаласы мен Еркін кенті арасында бір жағдай тіркелді. Автобус жол шетіне шығып, содан кейін бір жағына құлаған. Барлық факт тіркелген. Олар бойынша тиісті сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады" делінген Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қарағанды облысында кеше ауа райы құбылып, сағат 9.00-ден бастап республикалық автожолдардың барлық учаскесі жабылған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бүгін өңірдің солтүстік, батыс және шығысында боран, көктайғақ, ал оңтүстік-шығысында тұман болатынын ескертті. ды деп ескертеді. Жел екпіні секундына 25 метр шамасында.


Оқи отырыңыз: