Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін "Самара-Шымкент" тас жолы бойында Арал ауданы, Аралқұм елді мекені тұсында Қазалы – Арал бағытындағы жеңіл автокөлік жол апатына ұшыраған.
Жол апатынан 8 адам қаза тапты, олардың екеуі Қазалы ауданының тұрғындары болса, қалған алты азамат Арал ауданының тұрғындары. Қаза болғандар – 26-47 жас аралығындағы азаматтар.