"Қара тізім". Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды
Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресей Федерациясының аумағына кіруге жарты ғасырлық тыйым салынды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Шешім ұлттық қауіпсіздік, заңдылықты сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау мақсатында 30 қаңтарда қабылданған. Нұрлан Сабыров Ресей аумағында тапқан ақшасын делдалдар арқылы жылыстатып отырған. Сонымен қатар оның Ресейде жалпы құны 60 миллион рубль болатын жылжымайтын және өзге де мүліктері бар", – делінген хабарламада.
Ресейлік телеграм-арналар, Нұрлан Сабыровтың қара тізімге кіруін атышулы "арнайы операцияны" сынағанымен байланыстырып отыр.
Айта кетейік, Нұрлан Сабыров Солтүстік Қазақстандағы Степногорск қаласында дүниеге келген. Студенттік жылдары КВН-да өнер көрсеткен. Ол әлемге әйгілі стендап-шоу арқылы шет елдерде танымал болды.