Қар жаууы ықтимал. Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 2-4 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы салқын, әрі жауын-шашынды болады.
"Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығының кейбір аумағында жаңбыр жауады. Жетісу, Алматы облыстарының таулы аймақтарында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел соғуы мүмкін", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Видеограф Әділет Рахметолла: "Қазақстан табиғатының жарнамасы аз"
Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республиканың басқа аймақтарында түнде 5-12 градус, күндіз 13-20 градус жылы болмақ. Таулы аймақтарда түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендеп, қар жаууы ықтимал.