10 наурызда "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның барлық облысында қауіпті метеорологиялық құбылыстар болуы мүмкін екенін ескертті.

Синоптиктердің болжамынша, елдің көптеген өңірінде қар, боран, тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр мен қар) түсіп, жолда көктайғақ болуы мүмкін.

Астанада кей уақыттарда қар жауып, боран соғады, тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей кезде 23 м/с-қа дейін жетеді.

Ал Алматыда күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Шымкентте де жауын-шашын, көктайғақ, жаяу борасын және тұман болжанып отыр. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Сонымен қатар Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ұлытау, Абай, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында қар, боран, тұман, көктайғақ және қатты жел болуы мүмкін.

Кейбір өңірлерде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді деп болжануда.

Синоптиктер тұрғындарға сақтық шараларын сақтап, ауа райы туралы ескертулерді назарда ұстауды ұсынды.