Қар, бұрқасын және күшті жел: 23 ақпанда 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның 16 өңірінде және Астана қаласында 23 ақпанға ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Бірқатар өңірде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Абай облысында желдің екпіні кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар мен бұрқасын күтіледі.
Жетісу, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Ал Ақмола және Қостанай облыстарында қар, бұрқасын және көктайғақ болжанып отыр.
Астана қаласында 23 ақпанда кей уақытта қар жауып, бұрқасын және көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал.
Синоптиктер тұрғындарға алыс жолға шықпауға, ауа райы күрт нашарлаған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.