29 желтоқсанда Қазақстанның көп бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Түнде солтүстік-батыста қатты қар жауады, ал батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар) түседі деп болжанып отыр.

Тек еліміздің солтүстік-шығысы мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ел бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады және қатты жел соғады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -12-14°C, күндіз -2-4°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -12-14°C, күндіз -2-4°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +4+6°, күндіз +15+17°.