"Отандастар" қоры Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының еrulik.kz веб-платформасы жаңа мазмұнда өз жұмысын бастағанын хабарлады.

​Еrulik.kz сайты 4 бөлімнен тұрады:

  • ​Бірінші бөлімде Қазақстан туралы толық ақпарат беріледі.
  • Екінші бөлімде мемлекеттік бағдарламаға сәйкес қоныс аударушы қандастарды қабылдаушы 6 өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қамтылған.
  • ​Үшінші бөлімде қоныстануға өзіңізге қолайлы елді-мекен туралы ақпаратты іздеуге мүмкіндік береді. Ол үшін облыс, аудан, ауылды таңдап, іздеу батырмасын бассаңыз қажетті ақпарат назарыңызға ұсынылады.
  • Төртінші бөлімде тарихи отанына қоныс аударуға ниетті этникалық қазақтар үшін виза рәсімдеуден бастап Қазақстан азаматтығын алғанға дейінгі барлық мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат орналастырылған.

Loading...

​"Сонымен қатар, "өтініш қалдыру" батырмасын басып, өзіңіз туралы қысқа мәлімет пен сұрағыңызды қалдырсаңыз біздің мамандар сізге хабарласады. ​Сондай-ақ, WhatsApp, Telegram, Facebook мессенджерлеріне өтіп, өз өтінішіңізді қалдыра аласыз", – делінген ресми хабарламада.

​Сайттағы ақпарат қазақ-латын, төте жазу қаріптерінде және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілген.


Оқи отырыңыз: Әзербайжан шетелдегі қазақ жастарын диаспора форумына қатысуға шақырады


Қосымша сұрақтар бойынша Отандастар қорының Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының байланыс нөмірлеріне тегін хабарласуға болады:

  • 1404 барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін;
  • 8 701 000 1404 Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы онлайн;
  • +7 (7172) 981404 Халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгіленген ақылы тарифпен.