"Отандастар" қоры Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының еrulik.kz веб-платформасы жаңа мазмұнда өз жұмысын бастағанын хабарлады.
Еrulik.kz сайты 4 бөлімнен тұрады:
- Бірінші бөлімде Қазақстан туралы толық ақпарат беріледі.
- Екінші бөлімде мемлекеттік бағдарламаға сәйкес қоныс аударушы қандастарды қабылдаушы 6 өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қамтылған.
- Үшінші бөлімде қоныстануға өзіңізге қолайлы елді-мекен туралы ақпаратты іздеуге мүмкіндік береді. Ол үшін облыс, аудан, ауылды таңдап, іздеу батырмасын бассаңыз қажетті ақпарат назарыңызға ұсынылады.
- Төртінші бөлімде тарихи отанына қоныс аударуға ниетті этникалық қазақтар үшін виза рәсімдеуден бастап Қазақстан азаматтығын алғанға дейінгі барлық мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат орналастырылған.
"Сонымен қатар, "өтініш қалдыру" батырмасын басып, өзіңіз туралы қысқа мәлімет пен сұрағыңызды қалдырсаңыз біздің мамандар сізге хабарласады. Сондай-ақ, WhatsApp, Telegram, Facebook мессенджерлеріне өтіп, өз өтінішіңізді қалдыра аласыз", – делінген ресми хабарламада.
Сайттағы ақпарат қазақ-латын, төте жазу қаріптерінде және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілген.
Оқи отырыңыз: Әзербайжан шетелдегі қазақ жастарын диаспора форумына қатысуға шақырады
Қосымша сұрақтар бойынша Отандастар қорының Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының байланыс нөмірлеріне тегін хабарласуға болады:
- 1404 барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін;
- 8 701 000 1404 Telegram, WhatsApp мессенджерлері арқылы онлайн;
- +7 (7172) 981404 Халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгіленген ақылы тарифпен.