Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын "Индрайвер", "Яндекс" секілді такси жүргізушілеріне талап күшейтіледі, деп мәлімдеді ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев.

Министрлік өкілі такси жүргізушілерінің пайда табу үшін тоқтаусыз, ұйқысыз және демалыссыз жұмыс істейтінін айтады. 

"Мұндай режим өңірлер арасында жолаушы тасымалдайтындар үшін қауіпті. Кей көлік тозған, ұзақ жолға шыдамайды. Осы орайда заңсыз жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талапты күшейту қажет. Мысалы, жолға шығарда медициналық және күнделікті автокөлікті тексеру. Жылына екі рет техникалық тексеруден өту, сондай-ақ рөлде 8 сағаттан артық отырмау деген сияқты", – деді Марат Қожаев. 


Оқи отырыңыз: Міндетті сақтандырудың барлық түрі цифрландырылады