Байланыс орталығына өңір тұрғындарының бірінен мұрагердің көлік салығы бойынша берешекті өтеу тәртібі туралы сауал түскен:

Автокөлікті өз атыма аударайын дегенмін, бұрынғы иесі қайтыс болған болатын. Бұрынғы иесінің көлік салығы бойынша берешектері бар болып шықты. Көлік салығы бойынша қарызы мен өсімпұлды кім және қалай төлеуі керек?

Байланыс орталығының жауабы:

"Салық берешегін мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және оны алған күнгі мұрадағы үлеске сәйкес төлейді. Жеке тұлға қайтыс болған күні немесе оны соттың шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күні пайда болған салық берешегі төленеді. Бұл жағдайда өсімпұлды есептеу жеке тұлғаның қайтыс болған күніне дейін жүргізіледі". 


Оқи отырыңыз: