Прямой эфир Новости спорта

Қайтыс болған адамның көлік салығы бойынша берешегін кім төлейді?

Сұраққа Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің байланыс орталығы жауап әзірледі.

Байланыс орталығына өңір тұрғындарының бірінен мұрагердің көлік салығы бойынша берешекті өтеу тәртібі туралы сауал түскен:

Автокөлікті өз атыма аударайын дегенмін, бұрынғы иесі қайтыс болған болатын. Бұрынғы иесінің көлік салығы бойынша берешектері бар болып шықты. Көлік салығы бойынша қарызы мен өсімпұлды кім және қалай төлеуі керек?

Байланыс орталығының жауабы:

"Салық берешегін мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және оны алған күнгі мұрадағы үлеске сәйкес төлейді. Жеке тұлға қайтыс болған күні немесе оны соттың шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күні пайда болған салық берешегі төленеді. Бұл жағдайда өсімпұлды есептеу жеке тұлғаның қайтыс болған күніне дейін жүргізіледі". 


Оқи отырыңыз:


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары